Осы офертада, егер мәтін мәнмәтінінен өзгеше туындамаса, төменде келтірілген терминдер келесі мағыналарға ие болады және оның құрамдас ажырамас бөлігі болып табылады:
«Сатушы», «Оператор» – келесі компаниялар:
- «Трусов Владимир Иванович» ЖК, мекенжайы: Алматы қ., Желтоқсан даңғылы, 115;
- «Гордиюк Александр Михайлович» ЖК, мекенжайы: Алматы қ., Шевченко көшесі, 127;
- «Цой Дмитрий Лаврентиевич» ЖК, мекенжайы: Алматы қ., Ақсай-1А ш/а, 11/2 үй;
- «B-4» ЖШС, мекенжайы: Алматы қ., Ақсай-1А ш/а, 11/2 үй.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Тауарларды сату жөніндегі, соның ішінде қашықтықтан сату тәсілімен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын компаниялар.
Әрбір Сатушының толық деректемелері (БСН/ЖСН, мекенжайлары, банктік шоттары) Сайтта және Мобильді қосымшада орналастырылған, сондай-ақ Сатып алушының сұрау салуы бойынша беріледі.
«Сатып алушы», «Пайдаланушы» – осы офертаны төменде көрсетілген шарттарда қабылдаған (акцепттеген) және Сайтта және/немесе Мобильді қосымшада тіркелу арқылы Сатушыға өзінің дербес деректерін ұсынған кез келген жеке тұлға; бұл деректер Сатушы тарапынан Сатып алушының Тапсырысын рәсімдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
«Сайт» – https://basilic.kz/kz сайтындағы Сатушының ресми веб-парақшасы.
«Мобильді қосымша», «МҚ» – тапсырыстарды рәсімдеу және қызметтерді алу жүзеге асырылатын Компанияның мобильді құрылғыларға арналған қосымшасы.
«Онлайн платформа» – Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған Тауарларды сату жөніндегі Сатушының ресми онлайн сервисі.
«Тауарлар» – Сайтта және Мобильді қосымшада ұсынылған Сатушы өнімдерінің тізбесі.
«Тапсырыс» – Сатып алушының Онлайн платформада таңдаған Тауарларын сатып алуға және жеткізуге Онлайн платформада рәсімделген және Интернет желісі арқылы (Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған электрондық нысан) Сатушыға ұсынылған немесе Сатып алушы +7 (778) 344‑90‑00 телефоны арқылы рәсімдеген сұрау салуы.
«Контакт орталығы» – тапсырыстарды рәсімдеу және сүйемелдеу мәселелері бойынша Компанияның қолдау қызметі.
«Серіктестік жеткізу қызметі» – Сатып алушы тапсырыс берген Тауарларды жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар.
Осы офертаның мақсаттары үшін жекеше түрдегі терминдер мен анықтамалар көпше түрдегі терминдер мен анықтамаларға да жатады және керісінше.
Осы офертаның шарттары, егер осы офертада тікелей өзгеше көзделмесе, Сайт пен Мобильді қосымша үшін қолданылады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі осы оферта мәтіні бойынша – «ҚР АК») 395-бабына сәйкес бұл құжат жеке тұлғаларға арналған жария оферта болып табылады және төменде баяндалған шарттар қабылданған жағдайда, жеке тұлға осы офертада баяндалған шарттарда Тауардың ақысын төлеуге міндеттенеді. ҚР АК 396-бабының 3-тармағына сәйкес, Сатып алушының Тапсырысты түпкілікті растау сәті Сатушы офертасының акцепті болып табылады, бұл осы офертада, Сайтта және Мобильді қосымшада белгіленген шарттарда Тауарды бөлшек саудада сатып алу-сату шартын (бұдан әрі осы оферта мәтіні бойынша – «Шарт») жасасумен тең болып табылады.
1.2. Сатушы мен Сатып алушы Шартты жасасу және орындау үшін қажетті әрі жеткілікті құқық және әрекет қабілеттілігіне, сондай-ақ барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екендігіне кепілдік береді. Қазақстан Республикасының 16.07.1999 ж. № 429-1 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімін сатуға тыйым салынады. Сатушы Сатып алушының Қазақстан Республикасының 16.07.1999 ж. № 429-I Заңымен белгіленген 21 жасқа толғанын растау үшін Сатып алушыдан жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлік, паспорт немесе фотосуреті мен туған күні бар басқа да құжат) сұрауға құқылы. Сатып алушы мұндай құжатты ұсынбаған жағдайда немесе құжаттан Сатып алушының жасы 21-ден кіші екені көрінсе, Сатушы алкоголь өнімін сатудан бас тартуға міндетті.
1.3. Онлайн платформа арқылы Тауарларға тапсырыс бере отырып, Сатып алушы осы офертаның шарттарын сөзсіз қабылдайды және Сатушының құпиялылық саясатының шарттарымен келіседі. Сатып алушының Сайтта және Мобильді қосымшада рәсімдеген Тауар тапсырысы Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған Шарттың растауы болып табылады.
1.4. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға ҚР АК ережелері (соның ішінде бөлшек саудада сатып алу-сату туралы ереже (25-тарау, § 2)), ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 04.05.2010 ж. № 274-IV Заңы және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі осы оферта мәтіні бойынша – «ҚР») қолданыстағы заңнамасының өзге де нормативтік-құқықтық актілері қолданылады.
1.5. Сатушы осы офертаға кез келген уақытта өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады, осыған байланысты Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған осы офертада өзгерістердің бар-жоғын өз бетінше бақылауға міндеттенеді. Сатушы осы офертаның өзгергені туралы хабарламаны олар күшіне енетін күнге дейін кемінде 24 (жиырма төрт) сағат бұрын Сайтта, Мобильді қосымшада ақпараттық хабарлама түрінде орналастыруға міндетті.
2. Шарттың мәні
2.1. Сатушы Сайтта, Сатушының Мобильді қосымшасында ұсынылған бағалар бойынша Тауарларды береді, сатады, ал Сатып алушы осы офертаның шарттарына сәйкес төлемді жүзеге асырады және Тауарларды қабылдайды.
2.2. Тауарларға меншік құқығы Тауарларды Сатып алушы қабылдаған және соңғысы қабылданған Тауарлардың толық құнын төлеген сәтте Сатып алушыға өтеді. Тауарлардың кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелі Тауарларды Сатып алушы қабылдаған сәттен бастап Сатып алушыға өтеді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Сатушы міндеттенеді:
3.1.1. осы оферта қабылданған сәттен бастап осы офертада белгіленген шарттарда және ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Сатып алушы алдындағы өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге. Сатушы осы офертаның 9-бөліміне сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайлары («форс-мажор») туындаған жағдайда өз міндеттемелерін орындаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады;
3.1.2. Сатушыға ұсынылған Сатып алушының дербес деректерін өңдеуге және сақтауға, олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл ақпаратқа үшінші тұлғаларға қолжетімділік бермеуге. Осы офертаны қабылдай отырып (акцепттей отырып), Сатып алушы өз келісімін растайды және Операторға өзінің дербес деректерін, соның ішінде: тегін, атын, әкесінің атын; жеткізу мекенжайын; телефонын өңдеуге рұқсат береді. Осы офертада дербес деректерді өңдеу деп: жоғарыда аталған деректерді жинау, оларды жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, бұғаттау, жою түсініледі.
3.1.2.1. Сатушы Сатып алушы тапсырыс берген Тауарларды Сатып алушыға жеткізу мақсатында Сатып алушының дербес деректерін Серіктестік жеткізу қызметіне беруге құқылы.
3.1.2.2. Сатып алушы Сатушыға және оның қызметтеріне деректер базасын басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің, сондай-ақ өзге де бағдарламалық және техникалық құралдардың көмегімен Сатып алушының дербес деректерін өңдеуге келісім білдіреді және рұқсат береді. Мұндай жүйелермен жұмыс 3.1.2-тармақта жоғарыда көрсетілген алгоритм бойынша жүзеге асырылады.
3.1.2.3. Сатушы дербес деректерді өңдеудің келесі автоматтандырылған тәсілдерін (анықтамалық базалар бойынша пошта индекстерін тексеру және түзету, көшелер мен елді мекендердің жазылуын тексеру, өңдеу мақсаттарымен тікелей байланысты критерийлер бойынша деректер базасын сегменттеу: жеткізу өңірі, тауар санаты, тапсырыстар тарихы) тек Шартты орындау мақсатында және ҚР заңнамасына сәйкес пайдалануға құқылы. Өңдеудің өзге де тәсілдері тек Сатып алушының жазбаша келісімімен немесе заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады.
3.1.2.4. Сатушы Сатып алушы ұсынған дербес деректердің құпиялылығын, олардың көшірілуден, таратылудан қорғалуын қамтамасыз етеді. Кез келген сәтте Сатып алушы Контакт орталығына телефон арқылы қоңырау шалып, атын, әкесінің атын, тегін және жеткізу мекенжайын көрсете отырып, өзінің дербес деректерінің тізбесін сұрауға және/немесе өзінің дербес деректерін өзгертуді, жоюды талап етуге құқылы.
3.1.2.5. Сатушы Сатушыға ұсынылған Сатып алушының дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерінің алдын алуға; мұндай әрекеттерді уақтылы анықтауға және жолын кесуге міндеттенеді.
3.2. Сатушының құқығы бар:
кез келген уақытта осы офертаның шарттарын; Онлайн платформада көрсетілген Тауарларға бағаларды; Тауарларды төлеу және жеткізу шарттарын; Тауарларды жеткізу тәсілдерін, мерзімдерін және аумағын; сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған осы офертада көрсетілген өзге де шарттарды өзгертуге.
3.3. Сатып алушы міндеттенеді:
3.3.1. Сайтта, Мобильді қосымшада Тапсырысты рәсімдеген сәтке дейін – осы офертада белгіленген мазмұнымен және шарттармен, сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген өзге де шарттармен, соның ішінде Онлайн платформада белгіленген Тауарлардың бағасымен, Тауарларды жеткізу аймағымен және Тапсырыстың ең төменгі құнымен танысуға;
3.3.2. Сатып алушыны сәйкестендіру үшін қажетті және Сатушымен мәміле жасасу және Сатып алушы тапсырыс берген Тауарларды оған жеткізу үшін жеткілікті дұрыс дербес деректерді ұсынуға;
3.3.3. тапсырыс берілген Тауарлардың ақысын осы офертаның шарттарында төлеуге;
3.3.4. Онлайн платформада тапсырыс берілген Тауарларды кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланбауға;
3.3.5. осы офертада белгіленген шарттарды, сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген өзге де шарттарды сақтауға.
3.4. Сатып алушының құқығы бар:
3.4.1. Пайдаланушының тіркелгі жазбасын тіркегеннен кейін Онлайн платформаны пайдалануға. Тіркелгі жазбасының деректері ерекше болып табылады және басқаға берілмейді. Сатып алушы тіркелгі жазбасының деректерін үшінші тұлғаға берген жағдайда, Сатып алушы мұндай үшінші тұлғалар жасаған әрекеттер үшін, сондай-ақ мұндай үшінші тұлғалардың Сатушыға келтірген шығындары үшін толық көлемде жауапты болады;
3.4.2. тіркелу кезінде көрсетілген абоненттік телефон нөміріне жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша sms-хабарламалар түрінде өткізілетін акциялар туралы ақпаратты (жарнамалық хабарламаларды, таратылымды) алуға. Пайдаланушы кез келген сәтте таратылымнан бас тартуға, сондай-ақ таратылымға қайта жазылуға мүмкіндігі бар.
4. Онлайн платформада тіркелу
4.1. Онлайн платформаны пайдалану құқығын алу үшін Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада Пайдаланушының тіркелгі жазбасын тіркеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.
4.2. Тіркеу Пайдаланушы Оператордан SMS-хабарламада алған парольді дұрыс енгізгеннен кейін аяқталған деп есептеледі.
4.3. Онлайн платформада Пайдаланушының тіркелгі жазбасын тіркеу бойынша әрекеттерді жасай отырып, Пайдаланушы осы офертаның шарттарын толық көлемде және ешқандай алып тастаусыз қабылдайды.
4.4. Сатып алушыны тіркеу Сатып алушының атынан үшінші тұлғалардың рұқсатсыз әрекеттерін болдырмауға мүмкіндік береді және соңғысына Онлайн платформаның қосымша сервистеріне қол жеткізуді ашады. Сатып алушының логин мен парольді үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.
4.5. Тауарға тапсырыс беруді Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада жүзеге асырады. Тапсырысты тек тіркелген Сатып алушылар (Пайдаланушылар) ғана рәсімдей алады.
4.6. Сатушы тіркеу кезінде Сатып алушы ұсынған ақпараттың дәлдігі мен дұрыстығы үшін жауап бермейді.
5. Тапсырысты рәсімдеу және орындау мерзімдері
5.1. Сатып алушының Тапсырысы телефон арқылы және/немесе Сайтта, Мобильді қосымшада Тапсырыстың электрондық нысанын толтыру арқылы рәсімделуі мүмкін.
5.1.1. Телефон арқылы немесе Сайтта, Мобильді қосымшада электрондық нысан арқылы Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы осы арқылы өзінің осы офертаның шарттарымен танысқанын растайды және Тапсырысты тиісінше рәсімдеу мен орындау үшін қажетті барлық ақпаратты Сатушыға ұсынуға міндеттенеді.
5.1.2. Сайт, Мобильді қосымша арқылы Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы Тапсырыстың электрондық нысанын толтырады және қалыптастырылған Тапсырысты электрондық нысанда растау арқылы Сатушыға жібереді.
5.2. Егер Сатушыда Сатып алушы тапсырыс берген Тауарлардың қажетті мөлшері немесе ассортименті болмаса, Сатушы бұл туралы Сатып алушыға Тапсырысты алғаннан кейін 30 минут ішінде телефон арқылы хабарлайды. Сатып алушы Тауарларды басқа мөлшерде немесе ассортиментте қабылдауға келісуге не өзінің Тапсырысын жоюға құқылы. Сатып алушыдан жауап алынбаған жағдайда Сатушы Сатып алушының Тапсырысын толық көлемде жоюға құқылы.
5.3. Сатып алушының төленгеннен кейін Тапсырыс құрамын өзгертуге құқығы жоқ.
5.4. Сатып алушыда Тапсырысты рәсімдегенге дейін Тауарлардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген жұмыс режиміне сәйкес қажетті ақпаратты алу үшін Контакт орталығының +7 (778) 344‑90‑00 телефоны бойынша Сатушыға хабарласуы тиіс.
5.5. Сатып алушы төлеген Тапсырысты жою мүмкін емес.
5.6. 5.2-тармақшада көзделген тәртіппен Тапсырысты жойған кезде ақша қаражатының бір бөлігін қайтару Сатушы жоюды растаған сәттен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу қызметтерінің құны мен оны алу Серіктестік жеткізу қызметінің ережелерімен белгіленеді.
6. Тауарларды жеткізу
6.1. Егер Тауарлар соңғысының кінәсінен (мысалы, өтінімде көрсетілген мекенжайда болмауы, телефоны сөндірулі болуы), Сатып алушының өзі тапсырыс берген Тауарды қабылдаудан бас тартуы, Тауарларға жалған Тапсырыс беруі салдарынан Сатып алушыға берілмеген жағдайда, ақша қаражаты Сатып алушыға қайтарылмайды.
6.2. Тауарларды жеткізуді Серіктестік жеткізу қызметтері Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада Тапсырысты рәсімдеу кезінде көрсеткен нақты мекенжай бойынша жүзеге асырады.
6.2.1. Серіктестік қызметтің жеткізу аймағына кірмейтін мекенжайлар бойынша Тауарларды жеткізу жүзеге асырылмайды.
6.2.2. Тапсырысты жеткізудің болжамды мерзімі 30-дан 90 минутқа дейінгі уақытты құрайды және өнімді дайындау уақытын қамтиды. Жеткізу мерзімі Серіктестік жеткізу қызметтерінің жүктемесіне, жол жағдайына, ауа райы жағдайларына және Сатушыға байланысты емес басқа да мән-жайларға байланысты ұзартылуы мүмкін.
6.3. Сатушы Сайт пен Мобильді қосымшаның жұмысындағы уақытша ақаулар мен үзілістер үшін, сондай-ақ мерзімдерді сақтау үшін ақылға қонымды шаралар қабылданған жағдайда, еңсерілмейтін күш мән-жайлары немесе үшінші тұлғалардың әрекеттері (кептелістер, ЖКО және т.б.) тудырған жеткізудің кідірістері үшін жауап бермейді.
7. Тауарларды төлеу
7.1. Тауарлардың бағасын Сатушы біржақты тәртіппен белгілейді және Сайтта, Мобильді қосымшада Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетіледі. Тауарлардың бағасын Сатушы кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін. Бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген Тауардың бағасы өзгертілуге тиіс емес.
7.2. Сатып алушы Тапсырысты рәсімдеу сәтінде Сатушыда бар Тауарларға ғана тапсырыс бере алады.
7.3. Сатып алушы Тауарлардың ақысын теңгемен, Сатушының есеп айырысу шотына ақша қаражатын аудару арқылы қолма-қолсыз жолмен төлейді. Сатып алушының Тауардың ақысын төлеу бойынша міндеттемелері оның дербес шотынан тиісті ақша қаражаты есептен шығарылған сәттен бастап орындалды деп есептеледі.
8. Возврат и обмен Товаров, возврат денежных средств (Тауарларды қайтару және айырбастау, ақша қаражатын қайтару)
8.1. Сатушы Сатып алушыға оның Тапсырысына толық сәйкес келетін, сапасы Сатып алушыға Сайтта немесе МҚ-да ұсынылған ақпаратқа сәйкес келетін Тауарды беруге міндетті.
8.2. Тауарларды алған кезде Сатып алушы олардың Тапсырысқа сәйкестігін, жиынтықтылығын және сыртқы түрін тексереді. Сапасыз, жиынтықталмаған Тауарларды немесе Тапсырысқа сәйкес келмейтін Тауарларды алған жағдайда, Сатып алушы Сатушының Контакт орталығы арқылы мұндай Тауарларды ауыстыру немесе төленген ақша қаражатын қайтару туралы талапты ақылға қонымды мерзімде, бірақ Тауарларды алған сәттен бастап 2 (екі) сағаттан кешіктірмей, ал жасырын кемшіліктер анықталған жағдайда – өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде, бірақ осы офертаның 11-бөлімінде белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімде мәлімдеуге құқылы. Сапасыз Тауар себебінен Тапсырыстан бас тартқан кезде Сатып алушы алынған Тауарды Сатушыға қайтаруға міндеттенеді. Ақша қаражатын қайтару тиісті емес сападағы Тауарды беру және Тауарды Сатушыға қайтару фактісі расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Банктік картамен төленген жағдайда ақша қаражаты Сатып алушының талабы қанағаттандырылған сәттен бастап 14 (он төрт) күн ішінде осы картаға қайтарылады.
Ақша қаражатын қайтару туралы шешімді Сатушы ҚР заңнамасының талаптарын және істің барлық мән-жайларын ескере отырып қабылдайды. Осы тармақ Сатушыны Пайдаланушыға берілген сәтке дейін туындаған өнім кемшіліктері үшін, соның ішінде тамақтан улану, жасырын кемшіліктер, санитарлық нормаларды бұзу үшін жауапкершіліктен босатпайды.
8.3. Осы офертаның 8.2-тармағының шарттары орындалмаған жағдайда, Сатып алушының Тауарлардың сыртқы түрі мен олардың жиынтықтылығы бойынша шағымдары қабылданбайды.
9. Форс-мажор
Егер осы оферта бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамау еңсерілмейтін күш мән-жайларынан (форс-мажор) туындаса, Тараптардың кез келгені оларды орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Тараптар ақылға қонымды құралдармен болжай да, алдын ала да алмаған төтенше оқиғалар мен мән-жайларды (ереуілдер, су тасқындары, өрттер, жер сілкіністері, соғыстар және т.б.) білдіреді.
10. Тараптардың жауапкершілігі
10.1. Осы оферта шарттарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болады.
10.2. Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған барлық мәтіндік ақпарат пен графикалық кескіндердің заңды құқық иеленушісі бар. Көрсетілген ақпарат пен кескіндерді заңсыз пайдалану ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес кудаланады.
10.3. Сатушы Онлайн платформада сатып алынған Тауарларды Сатып алушының тиісінше пайдаланбауы салдарынан Сатып алушыға келтірілген зиян үшін жауап бермейді.
10.4. Сатушы Тапсырысты дұрыс толтырмау, соның ішінде дербес деректерді қате көрсету нәтижесінде туындаған Сатып алушының шығындары үшін жауап бермейді.
10.5. Сатып алушы Онлайн платформада тіркелу кезінде өзі көрсеткен мәліметтер мен дербес деректердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
10.6. Пайдаланушы Онлайн платформаны осы офертада көрсетілгеннен басқа мақсаттарда пайдаланбайтынына кепілдік береді.
10.7. Пайдаланушы осы оферта шарттары бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Сатушы Сатып алушының логинін (абоненттік телефон нөмірін) бұғаттау арқылы Сатып алушының Онлайн платформаны пайдалануға қолжетімділігін бұғаттауға құқылы.
10.8. Сатушы сервисті асыра пайдалану белгілері, Тапсырыстардан жүйелі түрде негізсіз бас тарту, дәйексіз деректерді ұсыну, осы оферта шарттарын бұзу белгілері анықталған жағдайда Тапсырысты рәсімдеуден немесе орындаудан бас тартуға, сондай-ақ Сатып алушының Онлайн платформаға қолжетімділігін шектеуге құқылы.
10.9. Сатушы Тапсырыс берілгеннен кейін туындаған өнімнің дәмдік, сапалық және өзге де қасиеттерінің кез келген өзгерістері (ашуы, жел қағуы, сыртқы түрін жоғалтуы, жібуі және т.б.) үшін, егер мұндай өзгерістер:
- Пайдаланушының ұсынылған температуралық режимді және сақтау мерзімін бұзуынан;
- өнімді тоңазытқышқа салмастан уақтылы емес (дайындалған сәттен бастап 3 сағат өткен соң) тұтынуынан;
- өнімді мақсаты бойынша пайдаланбауынан туындаған болса, жауап бермейді.
Тағамды қайта жылытуға тек 1 (бір) рет қана рұқсат етіледі.
Пайдаланушы сақтау шарттары мен тұтыну мерзімдерін сақтамаған жағдайда, өнім өз тәуекелімен пайдаланылды деп есептеледі және оның ақшаны қайтаруды немесе ауыстыруды талап ету құқығы туындамайды.
11. Тауар туралы ақпарат, аллергендер, сыртқы түрі
11.1. Сатушы температуралық режимді бұзбай сақтау шартымен (бөлме температурасында – 1 сағаттан аспайтын, қалған уақытта – тоңазытқышта +2…+6°C температурада) Пайдаланушыға берілген сәттен бастап 3 (Үш) сағат ішінде өнімнің тиісті сапасына кепілдік береді.
Тапсырыс қабылданған сәттен бастап 3 (үш) сағат өткеннен кейін, сондай-ақ Пайдаланушы сақтау шарттарын бұзған кезде өнім өз тәуекелімен пайдаланылды деп есептеледі және Сатушы оның қасиеттерінің кез келген өзгерістері үшін жауап бермейді.
Өнімнің сапасы бойынша оны дайындаған сәттен бастап 3 (үш) сағат өткеннен кейін мәлімделген шағымдарды Сатушы Пайдаланушыда құжаттар немесе объективті дәлелдемелер (тағамның фотосы, чек) болған кезде ғана қарауға қабылдайды.
11.2. Өнімде аллергендер (жаңғақтар, сүт өнімдері, глютен, жұмыртқа, соя, балық, теңіз өнімдері, сельдерей, қыша, күнжіт, арахис, латекс) болуы мүмкін. Тапсырыс берер алдында Сатып алушы ингредиенттердің толық тізбесімен танысуға міндетті. Егер Сатып алушы Тапсырысты рәсімдегенге дейін Сатушыға аллергияның бар екендігі туралы хабарламаса, Сатушы аллергиялық реакциялар үшін жауап бермейді.
11.3. Сайттағы және Мобильді қосымшадағы Тауарлардың кескіндері өнімнің нақты сыртқы түрінен (түсі, пішіні, декоры) сәл өзгешеленуі мүмкін. Негізгі сипаттамалары (құрамы, салмағы, тағамдық құндылығы) әрбір Тауардың сипаттамасында көрсетіледі. Елеулі айырмашылық болған жағдайда Сатып алушы шағым түсіруге құқылы.
12. Қорытынды ережелер (хабарламалардың заңды күші)
12.1. Осы оферта Сатып алушы Интернет-дүкенде тіркелгі жазбасын (логинді) тіркеуге бағытталған әрекеттерді жасаған сәттен бастап күшіне енеді.
12.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты барлық дауларды Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы шешуге тырысады.
12.3. Келіссөздер барысында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
12.4. Тараптар SMS, push-хабарламалар, электрондық пошта, Мобильді қосымшадағы хабарламалар арқылы, сондай-ақ Сатып алушы тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөмірі бойынша мессенджерлерді (WhatsApp, Telegram және т.б.) пайдалана отырып жіберілген хабарламалар мен хабарлардың заңды күшін мойындайды. Мұндай хабарламалар, егер заңда өзгеше көзделмесе, жіберілген сәтте адресатқа алынды деп есептеледі.