Дербес деректерді өңдеу саясаты (құпиялылық саясаты)
1. Бұл құжат нені реттейді
1.1. Осы дербес деректерді өңдеу саясаты Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V Заңының талаптарына сәйкес жасалған және компаниялардың дербес деректерді өңдеу тәртібі мен дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларын айқындайды —
- «Гордиюк Александр Михайлович» ЖК, мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко көш., 127 (бұдан әрі – «Оператор»)
- «Трусов Владимир Иванович» ЖК, мекенжайы: Алматы қ., Желтоқсан даңғ., 115 (бұдан әрі – «Оператор»)
- «Цой Дмитрий Лаврентиевич» ЖК, мекенжайы: Алматы қ., Ақсай-1а, 11/2 (бұдан әрі – «Оператор»)
- «B-4» ЖШС, мекенжайы: Алматы қ., Ақсай-1А ы/а, 11/2 үй.
1.2 https://basilic.kz сайты (бұдан әрі – «Сайт») арқылы жиналатын дербес деректерді өңдеуге қатысты, және Оператор жүзеге асыратын осындай дербес деректерді қорғау талаптары туралы мәліметтерді қамтиды.
1.3. Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Оператордың жергілікті нормативтік актілері, дербес деректер субъектілерімен жасалған шарттар, дербес деректер субъектілерінің дербес деректерді өңдеуге берген келісімдері болып табылады.
1.4. Дербес деректерді өңдеу құпиялылықты сақтай отырып жүзеге асырылады. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректер субъектісінің келісімінсіз дербес деректер субъектілерінің дербес деректерін үшінші тұлғаларға жария етпейді және таратпайды.
2. Дербес деректер Операторының және дербес деректер субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
2.1. Дербес деректер субъектілерінің Операторы келесі құқықтарға ие:
- дербес деректер субъектісінен ол ұсынған дербес деректерге қатысты анық ақпарат алу;
- дербес деректер субъектісінен ұсынылған дербес деректерді уақтылы нақтылауды сұрату.
2.2. Дербес деректер субъектілерінің Операторы мына міндеттерді атқарады:
- дербес деректерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен өңдеу;
- дербес деректерді өңдеу мәселелері бойынша дербес деректер субъектісінің (оның заңды өкілінің) өтініштерін қарау және тиісті сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде дәлелді жауаптар беру;
- дербес деректер субъектісіне (оның заңды өкіліне) өзінің дербес деректеріне өтеусіз қолжетімділік беру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- дербес деректер субъектісінің (оның заңды өкілінің) заңды және негізделген талаптарымен жасалған өтінішіне байланысты, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізілген кезде дербес деректерді нақтылау, жою жөнінде шаралар қабылдау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес деректерді қорғауды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де міндеттерді атқару.
2.3. Дербес деректер субъектілерінің құқықтары:
- Сайтта «Оферта» бетінде көрсетілген пошта немесе электрондық мекенжайға жазбаша сұрау салу жіберу арқылы Оператор өңдейтін олардың дербес деректері туралы ақпарат алу;
- заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің дербес деректеріне қол жеткізуді алу;
- Сайтта «Оферта» бетінде көрсетілген пошта немесе электрондық мекенжайға жазбаша сұрау салу жіберу арқылы егер дербес деректер толық емес, ескірген, дәл емес, заңсыз алынған немесе өңдеудің мәлімделген мақсаты үшін қажет болмаған жағдайларда өздерінің дербес деректерін нақтылауды, оларды бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
- Сайтта «Оферта» бетінде көрсетілген пошта немесе электрондық мекенжайға жазбаша сұрау салу жіберу арқылы дербес деректерді өңдеуге берілген келісімдерді кері қайтарып алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2.4. Дербес деректер субъектілерінің міндеттері:
- Операторға тек дұрыс деректер мен ақпаратты беру;
- Операторға өз дербес деректерін нақтылау (жаңарту, өзгерту) туралы хабарлау.
3. Кімнің және қандай дербес деректері өңделеді
3.1. Оператор Сайтты пайдалана отырып Оператор жинауы мүмкін субъектілердің келесі санаттарының дербес деректерін өңдеуді жүзеге асырады:
- тіркелмеген пайдаланушылар;
- тіркелген пайдаланушылар;
- Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылар (тіркелген пайдаланушылар болып табылмайтын).
3.2. Оператордың дербес деректер субъектілерінің басқа санаттарының дербес деректерін өңдеуі Оператордың басқа да жергілікті актілерімен регламенттеледі. Сайттың тіркелмеген және тіркелген пайдаланушыларының, сондай-ақ Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылардың өңделетін дербес деректеріне пайдаланушылар Сайтты пайдалана отырып, оның ішінде Сайтта дербес деректер субъектісінің тиісті деректер өрістерін толтыру арқылы Операторға ұсынатын барлық ақпарат кіреді, олардың арасында:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- ұялы телефон нөмірі;
- электрондық пошта мекенжайы (e-mail);
- Оператор сататын тауарларды жеткізу мекенжайы;
- Оператор сататын тапсырыстар тарихы;
- Сайттағы және оның сервистеріндегі сұраулар мен қараулар тарихы;
- өзге де ақпарат (келтірілген тізбе нақты жағдайға және өңдеу мақсаттарына байланысты қысқартылуы немесе кеңейтілуі мүмкін).
4. Дербес деректер қандай мақсаттарда өңделеді
4.1. Оператор тіркелмеген пайдаланушылардың дербес деректерін келесі мақсаттарда өңдейді:
- олардың Сайтты пайдалануы, бұған мыналар кіреді:
- пайдаланушыларға Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы анықтамалық ақпарат беру,
- пайдаланушыларға Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру, пайдаланушыларды қолдау,
- Сайтты пайдалану ыңғайлылығын арттыру;
- Сайтта Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді көрсету арқылы Оператор сататын тауарлар мен қызметтерді жылжыту.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Оператор мынадай дербес деректерді өңдейді:
- Сайттағы және оның сервистеріндегі сұраулар мен қараулар тарихы;
- пайдаланушы беру қажет деп санаған өзге де ақпарат.
4.2. Оператор тіркелген пайдаланушылардың дербес деректерін келесі мақсаттарда өңдейді:
- олардың Сайтты пайдалануы, бұған мыналар кіреді:
- Оператормен коммуникация,
- пайдаланушыларға Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы анықтамалық ақпарат беру,
- пайдаланушыларға Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру, пайдаланушыларды қолдау,
- Сайтты пайдалану ыңғайлылығын арттыру;
- пайдаланушылармен тікелей байланыс жасау арқылы Оператордың тауарлары мен қызметтерін жылжыту;
- Оператор сататын тауарларды жеткізу, бұған мыналар кіреді:
- Оператормен коммуникация,
- пайдаланушыларға Оператор сататын тауарлардың алдағы жеткізілімі туралы ақпарат беру,
- Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушыларға Оператор сататын тауарларды жеткізуге қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру, Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушыларды қолдау.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Оператор тіркелген пайдаланушылардың мынадай дербес деректерін өңдейді:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- ұялы телефон нөмірі;
- электрондық пошта мекенжайы (e-mail);
- Оператор сататын тауарларды жеткізу мекенжайы;
- Оператор сататын тапсырыстар тарихы;
- Сайттағы және оның сервистеріндегі сұраулар мен қараулар тарихы;
- өзге де ақпарат (келтірілген тізбе нақты жағдайға және өңдеу мақсаттарына байланысты қысқартылуы немесе кеңейтілуі мүмкін).
4.3. Оператор Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылардың дербес деректерін соңғысының Оператор сататын тауарларды жеткізуін жүзеге асыру мақсатында өңдейді, бұған мыналар кіреді:
- Оператормен коммуникация,
- пайдаланушыларға Оператор сататын тауарлардың алдағы жеткізілімі туралы ақпарат беру,
- Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушыларға Оператор сататын тауарларды жеткізуге қатысты мәселелер бойынша консультациялар беру, Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушыларды қолдау.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Оператор Оператор сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мынадай дербес деректерін өңдейді:
- тегі, аты, әкесінің аты;
- ұялы телефон нөмірі;
- электрондық пошта мекенжайы (e-mail);
- Оператор сататын тауарларды жеткізу мекенжайы;
- өзге де ақпарат (келтірілген тізбе нақты жағдайға және өңдеу мақсаттарына байланысты қысқартылуы немесе кеңейтілуі мүмкін).
5. Дербес деректер қалай өңделеді
5.1. Оператор дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығарып алу, пайдалану, беру (ұсыну, қолжетімділік беру), бұғаттау, жою арқылы автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе ондай құралдарды пайдаланбай дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыра алады.
5.2. Оператор осы Саясатқа сәйкес оларды өңдеу мақсатына қол жеткізу үшін қажет болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге не дербес деректерді өңдеуді үшінші тұлғаларға тапсыруға құқылы.
5.3. Егер Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасында өзге мерзімдер көзделмесе, Оператор дербес деректерді оларды өңдеу мақсаттары талап еткеннен ұзақ емес мерзімде өңдеуді жүзеге асырады.
6. Дербес деректер қалай қорғалады
6.1. Оператор жиналған дербес деректерді қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарайды және Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті және жеткілікті шаралар кешенін қабылдау арқылы оларды қорғау талаптарын іске асырады.
6.2. Бұл ретте Оператор үшінші тұлғалардың тіркелген пайдаланушылардың жеке кабинетіне қол жеткізу арқылы дербес деректерді алуы үшін жауапкершілік көтермейді. Сайттың тіркелген пайдаланушылары өздерінің жеке кабинетіне қол жеткізу деректерінің сақталуын өз бетінше қамтамасыз етуге міндетті.
7. Дербес деректерді өңдеуге келсім және қолданылатын ескертулер
7.1. Сайт пайдаланушысы еркін, өз еркімен және өз мүддесінде Операторға өздерінің дербес деректерін береді.
7.2. Осы Саясаттың шарттарын қабылдай отырып, Сайт пайдаланушысы оның ұсынған дербес деректерінің анық екенін осы арқылы растайды. Оператор Сайт пайдаланушысының анық дербес деректерді ұсынатынынан және оларды өзекті күйде ұстайтынынан бастайды.
7.3. Сайтта көзделген деректер өрістерін толтыра отырып, Сайт пайдаланушысы осы Саясатты қабылдайды және осы Саясатта көрсетілген тәртіппен және шарттарда оның дербес деректерін өңдеуге келісімін береді.
7.4. Оператормен сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушыларға қатысты деректер өрістерін толтыра отырып, Сайт пайдаланушысы осындай тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушылардың осы Саясатта көрсетілген тәртіппен және шарттарда өздерінің дербес деректерін өңдеуге келісімі бар екеніне кепілдік береді. Бұл жағдайда Сайт пайдаланушысы сондай-ақ Оператор сататын осындай тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алушыларды олардың дербес деректерінің Операторға берілгені туралы хабардар етуге міндеттенеді және мұндай хабардар етуге кепілдік береді.
7.5. Осы Саясаттың шарттарын қабылдай отырып, Сайт пайдаланушысы Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген өз құқықтары мен міндеттерінің, атап айтқанда өз дербес деректеріне қол жеткізу, өз келісімін кері қайтарып алу құқығының өзіне белгілі екенін растайды.
7.6. Дербес деректерді өңдеуді тоқтату шарттары дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізу, келісімнің қолданылу мерзімінің өтуі немесе дербес деректер субъектісінің оның дербес деректерін өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуы, сондай-ақ дербес деректерді заңсыз өңдеуді анықтау болып табылады. Дербес деректер субъектісі Сайтта «Оферта» бетінде көрсетілген электрондық мекенжайға жазбаша хабарлама жіберу арқылы өз дербес деректерін өңдеуге берген келісімін кері қайтарып ала алады.
7.7. Егер Сайт пайдаланушысы дербес деректерді ұсынуға ниетті болмаса немесе осы Саясатты қабылдамаса, ол Сайтты пайдалануды тоқтатуға тиіс, бұл жағдайда Оператор пайдаланушының Сайтты пайдалануын қамтамасыз ете алмайды.
8. Өзге де қандай деректер өңделуі мүмкін
8.1. Оператор пайдаланушылардың өздері тиісті ақпаратты ұсынмай-ақ, Сайтқа келуі туралы ақпаратты жинауды жүзеге асыра алады. Мұндай ақпаратты интернет-статистика мен баптаудың түрлі әдістері, құралдары мен құрал-саймандары (атап айтқанда, Cookie файлдары, Яндекс.Метрика, Google Analytics сервисі) арқылы алуға болады. Оператор мұндай әдістерді, құралдар мен құрал-саймандарды Оператор сататын тауарлар мен қызметтерді жылжыту, мақсатты жарнама ұсыну арқылы сатылатын тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат беру, сондай-ақ тіркелген пайдаланушылардың профильдерін жасау арқылы Сайтты пайдалану ыңғайлылығын арттыру үшін пайдалана алады. Бұл ретте мұндай әдістер, құралдар мен құрал-саймандар тіркелмеген пайдаланушыларды сәйкестендіру үшін пайдаланылмайды.
8.2. Егер Сайт пайдаланушысы Cookie файлдарының өз құрылғысында сақталуымен келіспесе, ол бұл опцияны браузердің баптауларынан дербес өшіре алады. Сақталған Cookie файлдарын да браузердің жүйелік баптауларынан кез келген уақытта жоюға болады. Сайт пайдаланушысы барлық Cookie файлдарын немесе белгілі бір сайттардан, соның ішінде Сайттан келген Cookie файлдарын әдепкі бойынша қабылдау немесе қабылдамау үшін браузердің баптауларын өзгерте алады.
8.3. Кейбір Cookie файлдарын өшіру Сайттың жекелеген бөлімдерін немесе функцияларын пайдалану мүмкін емес жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.
8.4. Егер Сайт пайдаланушысы интернет-статистика мен баптау әдістерін, құралдарын және құрал-саймандарын пайдаланумен келіспесе, ол Сайтты пайдалануды тоқтатуға тиіс, бұл жағдайда Оператор пайдаланушының Сайтты пайдалануын қамтамасыз ете алмайды.
9. Дербес деректерді жою
9.1. Дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізілген, дербес деректерді өңдеуге берілген келісімнің қолданылу мерзімі өткен, сондай-ақ дербес деректер субъектісі өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, дербес деректер мына жағдайлардан басқа кезде жоюға жатады:
- егер дербес деректер субъектісі тарапы, бенефициары немесе кепілгері болып табылатын шартта өзгеше көзделмесе;
- оператор мен дербес деректер субъектісі арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе.
9.2. Егер дербес деректерді өңдеуді Оператор автоматтандыру құралдарын пайдаланбай жүзеге асырса, дербес деректер субъектілерінің дербес деректерін жоюды растайтын құжат дербес деректерді жою актісі болып табылады.
9.3. Егер дербес деректерді өңдеуді Оператор автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырса, дербес деректер субъектілерінің дербес деректерін жоюды растайтын құжаттар дербес деректерді жою актісі және дербес деректердің ақпараттық жүйесіндегі оқиғаларды тіркеу журналынан шығарып алу болып табылады.
9.4. Егер дербес деректерді өңдеуді Оператор автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып және автоматтандыру құралдарын пайдаланбай бір мезгілде жүзеге асырса, дербес деректер субъектілерінің дербес деректерін жоюды растайтын құжаттар дербес деректерді жою актісі және дербес деректердің ақпараттық жүйесіндегі оқиғаларды тіркеу журналынан шығарып алу болып табылады.
9.5. Дербес деректерді жою актісі мен журналдан шығарып алу дербес деректер жойылған сәттен бастап 3 жыл бойы сақталуға тиіс.
10. Қорытынды ережелер
10.1. Осы Саясат Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасына тиісті өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайларда өзгертуге немесе толықтыруға жатады, сондай-ақ Оператордың қалауы бойынша кез келген уақытта өзгертілуі мүмкін. Оператор Саясатының қолданыстағы редакциясы Сайтта шектеусіз тұлғалардың қарауы үшін әрқашан қолжетімді.
10.2. Оператордың қатысуымен дербес деректерді өңдеуге және қорғауға қатысты және осы Саясатта тікелей көрініс таппаған барлық қатынастар Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы қолданыстағы заңнамасының ережелеріне сәйкес реттеледі.